Энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сатып алу қағидалары бекітілді

Алматинская ТЭЦ-2, Алматинская ТЭЦ 2, теплоэлектроцентраль, тепловая электростанция, электроэнергия, отопление, теплоснабжение, тепловая энергия, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2025 13:24 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Өнеркәсіп министрі 2025 жылғы 19 қыркүйектегі бұйрығымен энергетика және коммуналдық секторларды жаңғыртуға бағытталған ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен жеткізушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидасын бекітті.

Сатып алу екі кезеңдік конкурс рәсімдерді өткізуді көздейді:

  • 1 кезең – алдын ала біліктілік іріктеуін өткізу;
  • 2 кезең – баға мен баға емес ұсыныстарын салыстыру.

Сатып алуды жүргізу процесі конкурсты дайындау және жариялауды, бiлiктiлiк талаптарын белгiлеуді және алдын ала бiлiктiлiк iрiктеуді жүргізуді, бағалық және бағалық емес өлшемдер бойынша өтінімдерді қарау және бағалауды, ұсыныстарды салыстыру және өнім берушіні іріктеуді, сатып алу туралы шарт жасасуды, сондай-ақ конкурстық құжаттамаға өзгерiстер енгiзу тәртiбiн реттейтiн ережелердi, мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз етудi, шарттарды бұзу және аяқтау тәртiбiн қамтиды.

Алдын ала біліктілік іріктеуін жүргізу кезінде мынадай міндетті талаптар белгіленеді:

  • Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарын және жобалау (жобалау-сметалық құжаттаманы) әзірлеу жөніндегі жұмыстарды орындауға құқық қабілеттілігіне (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекет қабілеттілігіне (жеке тұлғалар үшін), оның ішінде рұқсаттарға (хабарламаларға) ие болуы;
  • қаржылық тұрғыдан орнықты болуға және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегі болмауға, оның ішінде қызметкерлер алдында жалақы төлеу бойынша мерзімі өткен берешегі болмауға;
  • банкроттық не таратылу рәсіміне жатпауы;
  • Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес бірінші немесе екінші санаттағы рұқсаттардың болуымен қамтамасыз етілмейтін, энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде "толық аяқталған" құрылысты сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті еңбек ресурстарына (тұйық циклдің технологиялық күрделі объектілері бойынша жұмыстарға қолданылады) ие болуы;
  • ұқсас жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іске асыру тәжірибесінің болуы (аталған талап тапсырыс берушінің қалауы бойынша белгіленуі мүмкін. Бұл ретте мұндай талап болған жағдайда іске асырылған жобалардың ең аз саны бойынша талаптар қосымша белгіленуі мүмкін емес);
  • осы Қағидалардың 12-параграфына сәйкес рұқсат етілген жүктеме көрсеткішінің болуы;
  • әлеуетті өнім беруші және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) және (немесе) олардың басшысы және (немесе) құрылтайшылары (акционерлері) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне немесе жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмеуге тиіс;
  • әлеуетті өнім беруші салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін салық салуда жеңілдігі бар мемлекеттердің тізбесіне енгізілген мемлекет немесе аумақ тіркеу орны болып табылатын заңды тұлға болып табылмауға тиіс.

Объектіні одан әрі сенімгерлік басқарумен өз қаражаты есебінен жобаны іске асыруды таңдау кезінде осы тармақтың 3), 4), 6) тармақшаларының талаптары қолданылмайды.

Тәжірибесінің болуы бойынша біліктілік талаптары (кемінде 1 ұқсас объект) төменде санамаланған шарттар сақталған кезде белгіленеді:

  • жұмыстар үшін сатып алу құны 250 000 айлық есептік көрсеткіштен асады;
  • көрсетілетін қызметтер үшін сатып алу құны 12 000 айлық есептік көрсеткіштен асады;
  • жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер тұйық циклдегі технологиялық күрделі объектілерде іске асыру үшін сатып алынады.

Конкурс құжаттамада баға өлшемі – әлеуетті өнім берушінің ұсынған бағасына негізделген "толық аяқталған" жобасын іске асыру құны белгіленеді.

Конкурс құжаттамада өнім берушіні таңдау жөніндегі конкурс жеңімпазын айқындау үшін қолданылатын мынадай бағалық емес өлшемшарттар белгіленеді:

  • әлеуетті өнім берушінің орындалған шарттар бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • жергілікті қамту үлесін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме;
  • құрылыс нысаны бойынша сапа кепілдігі;
  • нысанның энергия тиімділігі класын қамтамасыз ету;
  • жобаны іске асыру орны бойынша әлеуетті өнім берушінің тіркелуі;
  • аванс беру, аралық төлемдер шарттары;
  • жобаны әрі қарай сенімгерлік басқарумен өз қаражаты есебінен іске асыру (коммуналдық және энергетикалық мақсаттағы тұйық циклдің технологиялық күрделі объектілеріне қолданылады).

Әлеуетті өнім берушілерді алдын ала біліктілік тұрғысынан іріктеуді жүргізу үшін Тапсырыс беруші сатып алудың электрондық платформасында тиісті хабарландыруды орналастырады, онда мыналарды қамтиды:

  • сатып алынатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы және сипаттамасын;
  • конкурстық құжаттаманы;
  • әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдер беруінің басталу және аяқталу мерзімдерін;
  • өтінімдерді қабылдау мерзімі – 10 жұмыс күнін.

Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысу үшін өтінімнің кепілдік ретінде өтінімді қамтамасыз етуді ұсынады, ол төмендегі кепілдіктерді білдіреді:

  • ол өтінімді конкурсқа баға ұсыныстарын беру соңғы мерзімі өткеннен кейін қайтарып алмайды немесе өзгеріс енгізбейді;
  • егер конкурстық құжаттаманың талаптарында осындай қамтамасыз етуді енгізу көзделген жағдайда,оны конкурстың жеңімпазы деп айқындаған жағдайда, осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес конкурс қорытындылары туралы хаттамада белгіленген мерзімдерде Тапсырыс берушімен шарт жасасады және сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз етуді енгізеді.

Өтінімді қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші электрондық банк кепілдігі немесе әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша түрінде енгізеді. Әлеуетті өнім берушінің үшінші тұлғаларда тұтастай не электрондық әмияндағы ақша бөлігінде талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.

Өтінімді қамтамасыз ету осы конкурсты сатып алу үшін көрсетілген соманың 1% -ы мөлшерінде енгізіледі.

Электрондық сатып алу платформасы:

  • өтінімдерді беру кезінде мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде және (немесе) "Самрұқ-Қазына "ҰӘҚ" АҚ сенімсіз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесінде әлеуетті өнім берушілерді автоматты түрде тексеруді;
  • осы Қағидаларда көзделген негіздер орын алған жағдайда өнім берушілер туралы мәліметтердің мемлекеттік сатып алулардың адал емес қатысушылары Реестріне автоматты түрде жіберілуін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін негіздер болып табылады:

  • құжаттарды жалғандау (сот шешімі бойынша);
  • сатып алу жеңімпазының келісімшарт жасаудан бас тартуы (автоматты түрде);
  • келісімнің орындалуын қамтамасыз етуді белгіленген мерзімде енгізбеу (автоматты түрде);
  • келісімшарттың орындалмауы немесе дұрыс орындалмауы (сот шешімі бойынша).

Электрондық платформаның жұмыс істеу қағидаларында көзделген тәртіппен әлеуетті өнім берушіні Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу туралы шешімнің осындай шешім қабылдауға әсер еткен техникалық іркіліс анықталған жағдайда күші жойылады.

Сондай-ақ, ережеде сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету, талап қою жұмысын жүргізу, шартты жабу және сатып алуға шағымдану рәсімі туралы талаптар бар.

Бұйрық 2025 жылғы 4 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: