Қазақстанда қандай дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтер ҚҚС-тан босатылады: қаулы жобасы

Обязательное социальное медицинское страхование, медицинское страхование, медицинская страховка, ОСМС, врач, врачи, доктор, доктора, медик, медики, медицина, здравоохранение, медстрахование, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.09.2025 13:49 Фото: Zakon.kz
"Қазақстан Республикасының аумағында қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттар мен медициналық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" ҚР Үкіметінің қаулысы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, қаулы жобасы бірқатар дәрілік заттар мен медициналық қызметтерді қосылған құн салығынан босатуды көздейді:

  • Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде, сирек (орфандық) және әлеуметтік маңызы бар ауруларды қоса алғанда емдеуге арналған дәрі-дәрмектер неғұрлым тиімді бағада қолжетімді болады;
  • ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтер, сондай-ақ сирек (орфандық) және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеуге арналған медициналық қызметтер ҚҚС-тан босатылады.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл шара пациенттерді қолдау және емнің қолжетімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

"Қосылған құн салығынан босатылу медициналық ұйымдарға қаржылық жүктемені төмендетеді және пациенттерге мүмкіндікті кеңейтеді",- делінген ақпаратта. 

Өкім жобасы денсаулық сақтау жүйесін жақсарту шаралары шеңберінде іске асырылуда және халықты әлеуметтік қорғауды нығайтуға ықпал етеді.

Құжат 13 қазанға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: