БҚО-да тонау және ақша бопсалауға қатысы бар күдікті қамауға алынды

Қамауға алынды, БҚО, Атырау тұрғыны, тонау, ақша бопсалау, күдікті, телефон, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2025 16:43 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Атырау облысы тұрғынының БҚО тұрғынына қатысты қылмыс жасағанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұрын сотты болған күдіктінің құрығына бойжеткен түскен.

"2025 жылдың жаз айларында күдікті жәбірленушінің пәтерінде болған кезде, оны қорқытып iPhone 15 телефонын иемденген. Одан соң қызды сол телефонды ломбардқа тапсыруға мәжбүрлеген. Барлық әрекет күдіктінің бақылауымен жүргізілген. 500 мың теңге көлемінде ақша алған соң, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды". БҚО ПД-ның баспасөз қызметі

Бұған дейін Ақмолада баспана сатып алғысы келген әйел алаяқтың құрығына түсіп, қомақты ақшасынан айырылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: