Екібастұзда даму орталығында кішкентай қыз майып болды

Даму орталығы, Екібастұз, кішкентай қыз, жаттығу, қолын сындыру, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2025 19:31 Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіде даму орталығында сабақ кезінде маманның қыз баланың бір қолынан тартып, сүйрей отырып жаттығуды күшпен жасауға мәжбүрлегісі келген сәтінің видеосы тарады. Аталған жағдайдан кейін бала жылап, жаттықтырушысы созғылаған қолын құшақтай алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видео сипаттамасында жәбірленушінің анасы баланы осы сабақтан кейін бірден ауруханаға апарғанын, оның қолына гипс салынғанын жазады. Ата-ана полицияға арыз түсірген.

"Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді дұрыс орындамау фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Алдын ала мәліметтер бойынша, Екібастұз қаласының коррекциялық орталықтарының бірінде маман жас балаларды емдеу бойынша өз міндеттерін тиісінше орындамаған", – деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының зерттеу үшін аталған видеоны өздеріне алып қалғаны да нақтыланады. Соның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

"Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын объективті тергеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", делінген полиция хабарламасында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: