Банктердің кепілдік қорына жарналарын есептеу ережесі бекітілді
Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Кепілдік қоры – қаржыландыру көлемі 7 (жеті) миллиард теңгеден аспайтын жобалар үшін кредиттер/қаржы лизингі/шартты міндеттемелер/форвардтық шарттар бойынша кепілдік беруге арналған, республикалық бюджет, жергілікті бюджеттер, қаржы агенттігінің меншікті қаражаты, ЕДБ мен өзге де заңды тұлғалардың жарналары, сондай-ақ кәсіпкерлерден кепілдік шығарғаны үшін комиссиялар сомалары есебінен қалыптастырылатын қаражат жиынтығы.
ЕДБ міндетті жарнасының мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
- міндетті жарна мөлшері – ЕДБ кепілдік қорына төлейтін сома;
- кредиттік портфель – жарна жүзеге асырылатын жылдың басындағы жағдай бойынша әрбір ЕДБ-нің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттік портфелінің жалпы сомасы. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттік портфелінің мөлшері (сомасы) уәкілетті органның деректері негізінде айқындалады.
ЕДБ ерікті жарнасының мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:
- ерікті жарнаның мөлшері – кепілдік беру лимитін ұлғайту мақсатында кепілдік қорына ЕДБ төлеуге жататын сомасы;
- кепілдендірудің жоспарланатын көлемі – ЕДБ қаржы жылы ішінде пайдалануды жоспарлап отырған қаржы агенттігінің кепілдіктері сомасы;
- ЕДБ жарнасы есебінен кепілдендірудің лимиті – 10-ға көбейтілген міндетті жарна негізінде есептелген лимит.
Жоспарланатын кепілдік беру көлемін ұлғайту қажет болған кезде ЕДБ қаржы жылы ішінде қосымша ерікті жарна енгізеді, содан кейін қаржы агенттігі қ қаржыландыру ретінде бөлінетін өз қаражаты есебінен кепілдік беру лимитінің барабар ұлғаюын қамтамасыз етеді.
Кепілдік беру лимиті ЕДБ мен қаржы агенттігі қаражатының жиынтық қатысуы есебінен қоса қаржыландыру шарттарында қалыптастырылады.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі енгізілген жылы кепілдік беру лимитін белгілеу туралы қаржы агенттігімен екіжақты келісім жасасқан ЕДБ осы ЕДБ-ге кепілдік беру лимитін белгілеу үшін қаржы агенттігі міндетті жарна бөлген өз қаражатының сомасына тең мөлшерде не 0,286 % мөлшерінде х жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі енгізілген жылы ғана уәкілетті органның деректері негізінде жыл басындағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттік портфелінің жалпы сомасын төлейді.
ЕДБ міндетті жарналары ретінде төленуге жататын сомалар ЕДБ мен қаржы агенттігі арасындағы екіжақты келісімде көзделген тәртіпте біржолғы не бірнеше төлеммен төленеді. Бұл ретте кепілдік беру лимиті нақты төленген сомаларға барабар ұлғайтылады.
Кепілдік қорына төленетін ЕДБ міндетті жарналарының мөлшерлері мынадай тәуекел факторларының біреуі немесе бірнешеуі болған жағдайда қаржы жылының қорытындысы бойынша ұлғаю жағына қарай түзетілуге жатады:
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің міндеттемелеріне кепілдік беру жүйесі енгізілген жылы пайдаланылмаған кепілдік беру лимиті және ЕДБ төлеген жарна есебінен белгіленген кепілдік беру лимиті келесі қаржы жылына ауыстырылады.
Бұйрық 2025 жылғы 17 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.