Елімізде жылу энергетикасының жай-күйіне мониторинг жүргізу ережесі бекітілді

Алматинская ТЭЦ-1, теплоэлектроцентраль, тепловая электростанция, электроэнергия, тепло, горячая вода, отопление, теплоснабжение, тепловая энергия, горячее водоснабжение, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.01.2025 14:33 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Энергетика министрінің м. а. 2025 жылғы 15 қаңтардағы бұйрығымен жылу энергетикасының жай-күйіне мониторинг жүргізу ережесі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Уәкілетті орган, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы органдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жылу энергетикасы объектілері мен жылу желілерінің жай-күйі туралы ақпаратты жинауды, жаңартып отыруды және жариялауды қоса алғанда, ұдайы мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.

Мониторингтеу жылу энергетикасының нақты және жоспарлы көрсеткіштерінің негізінде, оның ішінде осы Қағидаларға сәйкес жылу энергиясын өндіру, тасымалдау, өткізу және тұтыну секторлары бойынша жүзеге асырылады.

Мониторинг жүргізу мақсатында ақпарат алу үшін жергілікті атқарушы органдар жылумен жабдықтау субъектілерінен мынадай ақпаратты жазбаша сұратады:

  • персонал саны;
  • жылумен жабдықтау сапасы мен көлемі;
  • жылу энергиясын тұтыну режимдері;
  • жабдықтардың, жылу желілерінің және қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын өзге де мүліктің жай-күйі;
  • аталған мүлікті жаңғырту, жөндеу, реконструкциялау, ауыстыру жөніндегі шаралар;
  • энергия тиімділігін арттыру және жылу энергиясының шығынын азайту жөніндегі шаралар;
  • жаңартылатын энергия көздерін пайдалану технологияларын енгізу жөніндегі шаралар;
  • жеке жылумен жабдықтау жүйелерінде пайдаланылған отынның мөлшері мен түрі туралы.

Жылумен жабдықтау субъектілерінің жергілікті атқарушы органдардың сұрау салуы бойынша ақпарат беру мерзімі кемінде 10 (он) жұмыс күнін құрайды.

Электрондық құжат айналымы жүйесі болған кезде құжаттар жергілікті атқарушы органдарға электрондық форматта ұсынылады.

Жергілікті атқарушы органдар мониторинг аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсеткіштер мен өлшемшарттар бойынша барлық деректерді көрсете отырып, мониторинг нәтижелерін өздерінің ресми интернет-ресурстарына орналастырады.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мониторинг жылу энергетикасының нақты және жоспарлы көрсеткіштері негізінде, оның ішінде осы Қағидаларға сәйкес жылу энергиясын өндіру, тасымалдау, өткізу және тұтыну секторлары бойынша жүзеге асырылатыны туралы тармақ толықтырылады.

Бұйрық 2025 жылғы 28 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: