Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді

Фрукты, супермаркет, маркет, продуктовый, продукты питания, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2026 12:04 Фото: Zakon.kz
Үкіметтің 2026 жылғы 25 қыркүйектегі қаулысымен Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарынан, шаруа немесе фермер қожалықтарынан, астық қабылдау пункттері мен элеваторлардан, сауда орындарынан 4-көрсеткіш бойынша деректер жинайтыны нақтыланды. Олар бұл деректерді жыл сайын жыл қорытындысы бойынша үшінші тоқсанның аяқталуына күнтізбелік 15 күн қалғанда астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына ұсынады.

Өз кезегінде астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары тиісті аумақтағы негізгі азық-түлік тауарлары қорларының көлемі туралы ақпаратты үшінші тоқсанның аяқталуына күнтізбелік 10 күн қалғанда уәкілетті органға ұсынады.

Уәкілетті орган азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне жүргізілген мониторинг нәтижелерін жыл сайын үшінші тоқсанның соңына дейін өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: