Үкімет азық-түлік қауіпсіздігін мониторингтеу қағидаларын өзгертті

Овощи, супермаркет, маркет, продуктовый, продукты питания, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2026 11:25 Фото: Zakon.kz
Қазақстан Үкіметі 2026 жылғы 25 қыркүйектегі қаулысымен Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, аудандық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы, шаруа немесе фермер қожалықтарындағы, астық қабылдау пункттері мен элеваторлардағы және сауда орындарындағы негізгі азық-түлік тауарлары қорының көлемі туралы деректерді жинайды.

Жиналған мәліметтер жыл сайын, жыл қорытындысы бойынша үшінші тоқсанның аяқталуына күнтізбелік 15 күн қалғанда астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына ұсынылады.

Өз кезегінде астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары тиісті аумақтағы негізгі азық-түлік тауарлары қорының көлемі туралы ақпаратты үшінші тоқсанның аяқталуына күнтізбелік 10 күн қалғанда уәкілетті органға жолдайды.

Сондай-ақ уәкілетті орган азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне жүргізілген мониторинг нәтижелерін жыл сайын үшінші тоқсанның соңына дейін өзінің интернет-ресурсында жариялайтыны нақтыланды.

Қаулы 25 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді.

Бұған дейін Қазақстанның 2026 жылы қанша астық экспорттайтынын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: