Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда дактилоскопиялық тіркеу ережелері өзгерді

Қазақстанда дактилоскопиялық тіркеу ережелері өзгерді, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.04.2024 16:18 Сурет: aqorda.kz
Қазақстан Үкіметі 2024 жылғы 1 сәуірдегі қаулысымен дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ішкі істер органдары саусақ іздері туралы ақпарат жинауды ҚР азаматының жеке куәлігін алғаш алу кезінде, сондай-ақ, оларды келісіммен ауыстыру кезінде жүзеге асырады.

Сондай-ақ, саусақ іздері 16 жасқа толған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан да келесі жағдайларда да алынады:

  • Қазақстан Республикасында уақытша немесе тұрақты тұруға рұқсат алу үшін жүгінгендер;
  • шетелдіктің ҚР-да тұруға ықтиярхаты;
  • азаматтығы жоқ адамның куәліктері;
  • босқын куәліктері;
  • жол жүру құжатын рәсімдеу немесе қалыпқа келтіру кездерінде.

Негізінен жеке басын куәландыратын, уақытша тіркеу құжаттарын және виза (т.б құжаттар) ресімдеу кезінде дактилоскопиялық ақпараты бар материалдық жеткізгіште келесі мәліметтер көрсетіледі:

  • Тегі, аты, әкесінің аты;
  • Туған күні мен мекені;
  • Жынысы;
  • Ұлттық тиесілігі (иесінің қалауы бойынша);
  • Азаматтығы;
  • Суреті;
  • Он саусақтың папиллярлық үлгілерінің құрылымдық ерекшеліктері туралы ақпарат;
  • Құжаттың нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;
  • Құжат иесінің қолы;
  • Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);
  • Дактилоскопиялық тіркеуді жүргізу күні;
  • Құжатты берген органның атауы;
  • Дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты.

Егер адамның екі қолында барлық саусақтары болмаған кезде саусақ іздері қолдың алақандары бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар екі қолында барлық саусақтары болмаған жағдайда ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде дактилоскопиялық ақпарат бойынша тіркеуден босатылады.

Сонымен қатар, құжаттау рәсімін бастамас бұрын көші-қон қызметінің қызметкері ҚР азаматынан саусақ ізін тіркеуден өту ниеті туралы сұрайды.

Егер бас тартқан жағдайда дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартқаны жайлы жазбаша өтінім толтырады.

Қаулы 2024 жылғы 15 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: