Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан саусақ ізі деректерін тіркеуі керек шетелдіктердің тізімін кеңейтті

саусақ ізі, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2022 10:55 Сурет: freepik
Үкіметтің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі қаулысымен саусақ ізін және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz

Осылайша тізімге Қазақстанда тұрақты тұруға ықтиярхат алуға өтініш берген адамдар, Қазақстан аумағынан тысқары жерлерге көшу үшін босқын мәртебесі берілген адамдарға берілетін жол жүру құжатын беретін тұлғалар, сонымен қатар реадмиссияға немесе Қазақстан аумағынан шығарылуға жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстаннан кетуге арналған шетелдік паспорт жоғалған немесе қолданылу мерзімі өткен жағдайда кіреді.

Қазақстанда тұрақты тұруға ықтиярхат беру кезінде саусақ ізі туралы мәліметтер базасына қосымша енгізіледі:

  • жоспарланған тұрақты тұрғылықты жерінің мекенжайы;

  • тұрақты тұру туралы өтінішті қарайтын органның атауы.

Сонымен қатар ережелерге енгізілген толықтырулар еңбек иммигрантына және ҚР шегінен шығарылған немесе халықаралық реадмиссия келісімдеріне сәйкес келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға рұқсат беру кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың саусақ ізі деректерінде нені қамтитынын анықтайды.

Сонымен бірге ережелерге тармақтар қосылды. Оған сай саусақ ізін алу рәсімінен өткен тұлғалар тексеру рәсімінен өтуді жалғастырады.

Саусақ ізін алу немесе салыстырып тексеру нәтижесі еңбек иммигрантына берілетін дактилоскопиялық немесе қағаз жеткізгіштегі салыстырып тексеру туралы куәлікпен ресімделеді. Ол туралы көші-қон қызметінің қызметкері "Азаматтарды құжаттандыру жүйесі" АПЖ-да белгі қояды.

Қаулы 2022 жылдың 1 қазанынан бастап күшіне енеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: