Мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу ережелері өзгерді
Жаңа редакцияда бірнеше тармақтар көрсетілген. Сонымен, тізілім екі кіші бөлімнен тұрады: негізгі және қосымша.
Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмесін жаңарту мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің тізіліммен интеграциялық өзара іс-қимылы арқылы күн сайын жүзеге асырылады.
Мемлекеттің кәсіпкерлік ортада болуының орындылығын анықтау мақсатында тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйін талдау нәтижелері бойынша тізілім мәліметтерін өзектендіруді монополияға қарсы орган ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 90-6-бабының 27-тармақшасына сәйкес оның ақпараты негізінде жүргізетіні нақтыланады.
мемлекеттің мүліктік құқықтарын (оның ішінде интернет-ресурстардың домендік атауына) растайтын құжаттардың сканерленген көшірмелері және бағдарламалық қамтамасыз ету мен интернет-ресурстарға қатысты бухгалтерлік баланс баптарының толық жазылуы;
алынбалы тасығыштағы электрондық ақпараттық ресурстың резервтік көшірмелері.
Электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмесін жаңарту мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің Тізіліммен интеграциялық өзара іс-қимылы арқылы күн сайын жүзеге асырылатыны көрсетіледі.
- жою;
- қайта құру;
- жекешелендіру;
- мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі.
Тізілімнің веб-порталына кіру деңгейі бойынша пайдаланушылар келесі санаттарға бөлінеді:
- жеке және заңды тұлғалар;
- мемлекеттік заңды тұлғалар;
- тиісті саланың уәкілетті органдары;
- мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган;
- республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;
- мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган;
- облыстық уәкілетті орган және облыстық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;
- аудандық уәкілетті орган және аудандық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган;
- жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, Акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыруға және коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруға өкілеттіктер берілген атқарушы органдар;
- монополияға қарсы орган және оның аумақтық бөлімшелері.
Ережелер сонымен қатар монополияға қарсы орган мен оның аумақтық бөлімшелері үшін тізілімде мынадай функциялар қолжетімді екендігі туралы жаңа тармақпен толықтырылды:
- коммуналдық және республикалық меншіктегі ұйымдар мен мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбелерін және олар бойынша мәліметтерді қарау;
- республикалық және коммуналдық мүлік бойынша талдамалық және статистикалық есептілікті қалыптастыру.
Бұйрық 2024 жылғы 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.