Қазақстанда офтальмологиялық көмек көрсету стандарты жаңартылды

Қазақстанда офтальмологиялық көмек көрсету стандарты жаңартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2025 15:14 Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2025 жылғы 6 қарашадағы бұйрығымен ҚР-да офтальмологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түзетулер жаңа редакцияда жазылды.

Халыққа офтальмологиялық көмек амбулаториялық, стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмектің екінші және үшінші деңгейлерінде, жедел және жоспарлы нысандарда, меншiк және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, денсаулық сақтау ұйымдары "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық қызметпен айналысуға лицензиясы болған жағдайда көрсетіледі.

Офтальмологиялық көмек қолжетімді:

  • ТМККК шеңберінде
  • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде
  • ақылы негізде

Халыққа офтальмологиялық көмекті "Офтальмология (ересектер, балалар)" мамандығы бойынша дәрігер жүзеге асырады.

Халыққа офтальмологиялық көмек КХ ұсынымдарына сәйкес, ал олар болмаған жағдайда дәлелді базасы бар халықаралық клиникалық ұсынымдарға (нұсқаулықтарға) сәйкес көрсетіледі.

Диагнозды сәйкестендіруде қиындықтар туындаған кезде, оның ішінде пациентті тасымалдау мүмкін болмаған жағдайында, офтальмологиялық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде аккредиттелген кәсіби медициналық қауымдастықтардың жетекші мамандарын мен бейінді орталықтың мамандарын тарта отырып, консилиум ұйымдастырылады.

Қашықтықтан форматта офтальмологиялық көмек көрсету де қарастырылған.

Офтальмологиялық көмек медициналық оңалтуды жүргізудің 2-3 кезеңін қамтиды.

Офтальмологиялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі міндеттері:

  • офтальмологиялық аурулардың профилактикасы және ерте диагностикалауға, мүгедектіктің алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • медициналық көмектің барлық кезеңдерінде сабақтастықты сақтай отырып, дәлелді медицина принциптеріне негізделген диагностикалау мен емдеудің заманауи технологиялары мен әдістерін пайдалана отырып, офтальмологиялық аурулары бар пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсету;
  • медициналық оңалтуды жүргізу;
  • офтальмологиялық аурулары бар пациенттерді динамикалық байқау;
  • офтальмологиялық аурулардың асқынуы мен өршуінің профилактикасы;
  • өңірдегі медициналық ұйымдарға медициналық көмек көрсету деңгейін (аудандық, қалалық, облыстық) ескере отырып, ұйымдастыру-әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
  • инновациялық медициналық технологияларды енгізу және трансферттеу;
  • офтальмологиялық көмек көрсету сапасына мониторинг жүргізу;
  • Қазақстан Республикасының халқы арасында саламатты өмір салтын насихаттау болып табылады.

Бастапқы деңгейде офтальмологиялық көмекті МСАК медициналық ұйымдары жүзеге асырады.

Қайталама деңгейде офтальмологиялық көмек көп бейінді облыстық ауруханалардың немесе қалалық ауруханалардың, бейінді ғылыми ұйымдардың емханаларының, офтальмологиялық орталықтарының, офтальмологиялық бөлімшелерінің және амбулаториялық хирургия орталықтарының консультациялық-диагностикалық бөлімшелері деңгейінде жүзеге асырылады.

Үшінші деңгейде балалар офтальмологиялық көмегі үшінші деңгейдегі босандыру медициналық ұйымдарында, үшінші деңгейдегі көпсалалы медициналық ұйымдарда және ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады.

Мамандандырылған медициналық көмекті, ұйымдастырушылық-әдістемелік және консультациялық көмекті ұйымдастыруға бірыңғай тәсілді қалыптастыруда, қаржыландыру көлемін, оның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді және медициналық қызмет көрсету процестерін жоспарлауда үйлестіруші рөл орындалады:

  • өңір деңгейінде – жергілікті атқарушы органның шешімімен тағайындалатын тиісті өңірдің бас штаттан тыс офтальмологы;
  • республикалық деңгейде – денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс офтальмологы және уәкілетті орган айқындайтын үйлестіру орталығы.

Құжаттың толық мәтінін сілтемеге өту арқылы оқи аласыз.

Бұйрық 2025 жылғы 21 қарашадан бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: