Алматыда автобус жүргізушісіне жолаушы шабуылдады
Сурет: Zakon.kz
Алматыда №15 бағыттағы автобус жүріп келе жатқанда жүргізушіге агрессивті жолаушы шабуыл жасады. Қазір полиция екі күдіктіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әлеуметтік желіде жарияланған мәліметтерге сәйкес, "көлік қалай тоқтады, солайынан бойын үрей билеген адамдар сыртқа лап қойды, ал жүргізуші мен онымен керіскен ер адам іште қалып, автобус ары қарай қозғалды".
Агрессивті ер адамның келесі аялдамадан түскені де белгілі. Бір қызығы, жүргізуші шағымданудан бас тартты.
Алайда, Алматы қаласы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі бұл факт бойынша Наурызбай ауданының полиция басқармасы бұзақылық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта полицейлер жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуде. Жанжалдың барлық қатысушылары анықталады. Олардың әрқайсысының әрекеттеріне құқықтық баға беріледі". Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ, еліміздің заңнамасына сәйкес, заңда көзделген шаралар қабылданатыны айтылады.
21 қарашада қалада жолаушылар тасымалына қатысты тексеріс күшейтілгені белгілі болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript