Абай облысында есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Сурет: pexels
Абай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Семей қаласының 51 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті өз ауласында жасырын есірткі саудасымен айналысқан, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жедел сатып алуды ұйымдастыру арқылы оны ұстау мүмкін болды. Ол 10 000 теңгеге марихуана толтырылған екі орамды сатқан.
"Сараптама бұл заттың 7,84 грамм кептірілген марихуана екенін растады.Одан кейін жүргізілген тінту барысында көптеген пакет пен қораптардағы өсімдік тектес заттар, ерекше иісі бар 57 түп жасыл өсімдік, есірткі қалдықтары бар ыдыстар, ақшалай қаражат, басқа да айғақтар тәркіленді. Сараптама қорытындысы тәркіленген өсімдіктердің жалпы салмағы 32 кг 100 г қарасора екенін көрсетті", деп хабарлайды Абай облысы ПД баспасөз қызметі.
Медициналық куәландыру да күдіктінің есірткі қолданғанын анықтады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript