Павлодарда синтетикалық есірткі тасыған курьер ұсталды
Фото: Zakon.kz
Павлодар облыстық ПД мен облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері синтетикалық есірткіні өткізді деген күдікке ілінген ер адамды қолға түсірді.
Жеке тінту кезінде күдіктіден салмағы 8 грамнан асатын психотроптық зат салынған 16 орама табылып, тәркіленді.
Күдікті өзінің тыйым салынған заттарды таратумен айналысатын көлеңкелі интернет-дүкеннің курьері-заңсыз жеткізушісі екенін айтқан.
Куратордың нұсқауымен көрші өңірден келіп, аймақ орталығында кейін жасырын орындарға салып тарату мақсатында есірткінің көтерме партиясын алмақ болған. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Полиция заңсыз есірткі айналымына қатысты барлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы 102 нөміріне хабарлауға болатынын еске салады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript