Павлодарда есірткі таратушы ұсталды

Центр оперативного управления департамента полиции, сотрудники полиции, видеонаблюдение, полиция, полицейские, ЦОУ, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.12.2025 10:04 Фото: Zakon.kz
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері 20 жастағы Павлодар қаласының тұрғынын ұстады.

Күдіктінің пәтерін тінту кезінде ішінде ақ түсті заты бар полиэтилен пакеттер салынған темекі қорабы табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың шамамен 1 граммы синтетикалық психотроптық зат болып шықты.

Аталған дерек бойынша есірткі құралдарын заңсыз дайындау, қайта өңдеу және өткізу фактісімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр. Полиция өңір тұрғындарын интернет желісінде есірткі заттарын таратушы ретінде жұмысқа шақыратын күмәнді ұсыныстардан бас тартуға шақырады.

Есірткі саудагерлері уәде ететін анонимдік пен жазасыздық — жалған. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін ең ауыр жаза ретінде өмір бойына бас бостандығынан айыру көзделген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: