Құқық қорғау органдары арасында ақпарат алмасу ережелері: өзгерістер енгізілді
Фото: АФМ РК
Атап айтқанда, тақырып жаңа редакцияда жазылды – қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау үшін қажетті ақпаратты алу қағидалары мен негіздері.
Ережелердің өзі де жаңа редакцияда көрсетілген.
Ақпарат алу үшін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысында заңнамада көзделген негіздің, сондай-ақ негіздер бойынша ҚАО ААЖ-да рөлдерді бөлу тізбесіне сәйкес ҚАО ААЖ-да тіркеудің болуы міндетті шарт болып табылады.
Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы сұрау салудың негізділігін, дербес деректер мен оларды қорғау туралы заңнаманың, заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын, сондай-ақ оларды сұрау салуда мәлімделген мақсаттарда ғана пайдалануды қамтамасыз етеді.
Сұратылған ақпарат орындалған тапсырмалар бойынша есептік материалдарда көрсетіледі.
Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушылары ақпаратты көрсетілген ҚАО ААЖ-дан электрондық ақпараттық ресурстарының тізбесіне сәйкес ҚАО ААЖ-дан алады.
Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайданушыларға ҚАО ААЖ ақпараттық ресурстарына қолжетімділік олар жүйеде тіркелгеннен кейін және ҚАО ААЖ-мен жұмыс істеуге арналған талаптарды олар сақтаған жағдайда беріледі.
ҚАО ААЖ-ның операторы электрондық өтінімді тексереді және оның келіп түскен күннен бастап бір тәулік ішінде мынадай:
- пайдаланушыны ҚАО ААЖ-да тіркеу:
- егер электрондық өтінімде көрсетілген мәліметтер шынайы емес, толық емес және өзекті емес болса, тіркеуден бас тарту туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
ҚАО ААЖ-дан бас тарту Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы (ЭЦҚ) қол қойылады.
Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы басқа лауазымға немесе бөлімшеге ауысу кезінде, басқа лауазымға тағайындау туралы бұйрыққа қол қойған күннен бастап жиырма төрт сағаттың ішінде ҚАО ААЖ-ға редакциялауға электрондық өтінім жібереді.
Лауазымнан босатылған немесе шеттетілген жағдайда, ведомстволық бақылау жүктелген лауазымды адам дереу ҚАО ААЖ-ның операторына қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысын бұғаттауға электрондық өтінім жібереді.
ҚАО ААЖ-ның операторы редакциялауға немесе пайдаланушыны бұғаттауға электрондық өтінім алған кезде осы қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысын қолжетімділігін дереу редакциялайды немесе бұғаттайды.
ҚАО ААЖ-ға кіру қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысының ЭЦҚ арқылы жүзеге асырылатын аутентификация рәсімінен өтуінен басталады.
ҚАО ААЖ-ға алғаш кірген кезде қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы нысан бойынша ҚАО ААЖ-ны пайдалану құқықтары туралы келісімге ЭЦҚ арқылы қол қояды.
Аутентификациядан сәтті өткен қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы және электрондық нысанда қол қойылған келісім болған кезде ҚАО ААЖ-ға қолжәтімділікті алады.
Мемлекеттік органдардың дерекқорларына қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушыларының барлық сұрау салулары ЭЦҚ-ны пайдалана отырып жіберіледі.
ЭЦҚ жоғалған жағдайда қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушысы өзінің ЭЦҚ-сын Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының жеке кабинеті арқылы дереу кері қайтарып алады. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында пайдаланушы мерзімді түрде, бірақ айына кемінде бір рет ЭЦҚ-ның паролін өзгертеді.
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушыларына қолжетімділік апаттық жағдайлар кезінде немесе ҚАО ААЖ порталында жарияланған жоспарлы техникалық жұмыстарды жүргізу кезінде тоқтау уақытынан басқа тәулік бойы беріледі.
Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның пайдаланушыларының барлық сұрау салулары оқиғаларды тіркеу журналында тіркеледі және толтырылуына қарай мұрағатталады.
Бірлескен бұйрық 2025 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.