Ұлттық ұлан Шымкенттегі мерзімді әскердегі сарбаздың өліміне қатысты түсініктеме берді

Ұлттық ұлан, Шымкент, мерзімді әскер, сарбаз, өлімі, түсініктеме  , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2026 15:25 Сурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі Шымкенттегі әскери бөлімде борышын өтеп жатқан мерзімді әскери қызметтегі сарбаздың қайтыс болу жағдайына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ретте Ұлттық ұлан Instagram-дағы парақшасында видео жариялады.

Спикер мерзімді әскер сарбазы бөлімге келіп түскеннен кейін 8 күннен соң медициналық көмекке жүгінгенін, ал 20 күннен кейін ауруханаға түскенін айтады.

"Әскери қызметші әскери бөлімге 2025 жылдың 9 желтоқсанында келіп түсті. Ол алғаш рет 17 желтоқсанда медициналық көмекке жүгінді. Осы сәттен бастап оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп, анализдер тағайындалды, тексерулер жүргізілді. Ол медициналық мамандардың бақылауында болды. 29 желтоқсанда денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызу қажеттілігі туындап, ол Шымкент қаласының емдеу мекемелерінің біріне жіберілді. Өкінішке қарай, 2026 жылдың 6 қаңтарында барлық қабылданған шаралар мен медициналық көмекке қарамастан, жүректің тоқтау фактісі тіркелді. Алдын ала диагноз – жедел лейкемия", – дейді видеодағы спикер.

Сондай-ақ, Ұлттық ұлан бұл істің ерекше бақылауда екенін еске салады.

"Аталған факті бойынша әскери-тергеу департаменті қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта барлық қажетті процессуальды әрекеттер жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы әскери прокуратураның бақылауында".

Қайтыс болған сарбаз Тараздағы әскери комитетпен мерзімді әскерге алынып, Шымкентке жіберілгені белгілі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: