Павлодар облысында қақаған аязда жоғалып кеткен кәмелетке толмаған бала аман-есен табылды

Іздеу жұмыстары, Павлодар облысы, Екібастұз, аяз, жоғалған бала , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2026 13:39 Сурет: polisia.kz
Екібастұзда 16 қаңтарда сағат 18.30-да 13 жастағы бала үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Баланы іздеуге дереу полицияның жеке құрамы жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарына еріктілер мен өзге де азаматтар белсенді түрде қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, баланың таныстары мен туыстары, барлық үй, кіреберістер мен шатырлар, ойын-сауық орындары, компьютерлік клубтар, саяжайлар түгелдей тексерілді.

"Бұл күндері көшеде қатты аяз болды, сондықтан біз жоғалған бала да, іздеу жұмыстарына қатысқандар да тонып қалмасын деп уайымдадық. Барлық іздестіру жұмысының қатысушыларының үйлестірілген және жедел әрекеттерінің арқасында сағат 00.00 шамасында бала сауда үйінің жанынан табылып, аман-есен анасына тапсырылды. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - деді Екібастұз қаласы ПБ бастығы Төлеген Құдайбергенов.

Полиция іздеуге көмектескен барлық азаматқа, еріктілерге және ұйымдарға алғыс білдіреді. Сонымен қатар полиция ата-аналарды балаларыңыздың қауіпсіздігіне, әсіресе аязда өте сақ және мұқият болуға шақырады. 

Бұған дейін Екібастұзда мұз жарылып, төрт балықшы Delica көлігімен суға түсіп кеткені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: