Қазақстанда кейбір арнайы экономикалық аймақтардағы қызмет түрлері кеңейтілді

СЭЗ, специальная экономическая зона, свободная экономическая зона, производство, завод, заводы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2026 15:32 Фото: primeminister.kz
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 4 ақпандағы бұйрығымен арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде басым қызмет түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, бірқатар АЭА бойынша басым қызмет түрлерінің тізбесі жаңа редакцияда бекітілді.

"Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы

  1. Тұрмыстық электр құралдарын өндіру
  2. Былғары және оған қатысты өнімдер өндіру
  3. Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру
  4. Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру
  5. Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру
  6. Металлургия өнеркәсібі
  7. Дайын металл бұйымдарын өндіру
  8. Машиналар мен жабдықтар өндіру
  9. Мұнай-химия өнімдерін өндіру
  10. Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндіру
  11. Қойма шаруашылығы және көлікке қосымша қызметтер
  12. Электрқозғалтқыштар, генераторлар, трансформаторлар, электр тарату және бақылау аппаратураларын өндіру
  13. Электр сымдары мен электр өткізгіш бұйымдар өндіру
  14. Басым қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілерді жобалық-сметалық құжаттама шегінде салу және пайдалануға беру
  15. Деректерді өңдеу, қосымшаларды (бағдарламаларды) орналастыру және осыған байланысты қызмет; веб-порталдар қызметі
  16. Акваөсіру (аквакультура)
  17. Жылу электр станцияларында электр энергиясын өндіру
  18. Электр энергиясын беру
  19. Электр энергиясын тарату
  20. Тұрғын және тұрғын емес ғимараттар салу
  21. Қонақүйлер және ұқсас орналастыру орындарының қызметі
  22. Өзінің немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару
  23. Демалыс және ойын-сауық қызметін ұйымдастыру
  24. Көпбейінді аурухана салу және пайдалануға беру
  25. Ғимараттар құрылысы
  26. Азаматтық құрылыс
  27. Мамандандырылған құрылыс жұмыстары
  28. Нысандарға кешенді қызмет көрсету
  29. Аумақтарды абаттандыру қызметі
  30. Санаторий-курорт ұйымдарының қызметі

25–30-тармақшалардың күші тек Кендірлі курорттық аймағы аумағына қолданылады.

31. Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

32. Электр жабдықтарын өндіру

33. Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

34. Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

35. Киім өндіру

36. Жиһаз өндіру

37. Ағаш және тығын бұйымдарын (жиһаздан басқа), сондай-ақ сабан және тоқуға арналған материалдардан бұйымдар өндіру

38. Тоқыма бұйымдарын өндіру

39. Кемелер мен қайықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

40. Әуе және ғарыш ұшу аппараттарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету

41. Суды жинау, өңдеу және тарату

42. Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

43. Өзге де көлік құралдарын өндіру

44. Медициналық және стоматологиялық құралдар мен керек-жарақтар өндіру

45. Теңіз және жағалау жүк тасымалы қызметі

46. Жолдар мен автомагистральдар салу (тек әуежай аумағында)

"Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағы

  1. Киімнен басқа дайын тоқыма бұйымдарын өндіру
  2. Өзге де тоқылған және трикотаж бұйымдарын өндіру
  3. Тері және аң терісінен тігілетін киімдерден басқа киім өндіру
  4. Иіру, тоқу және әрлеу өндірісі
  5. Киімнен басқа тоқыма емес материалдардан бұйымдар өндіру
  6. Кілем және кілем бұйымдарын өндіру
  7. Ағаш массасы және целлюлоза өндіру
  8. Қағаз және картон өндіру
  9. Былғары өнімдерін өндіру (тері илеу және өңдеуден басқа)
  10. Кеңсе қағаз өнімдерін өндіру
  11. Басым қызмет түрлеріне арналған объектілерді салу және пайдалануға беру
  12. Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру
  13. Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру
  14. Шойын және болат құю
  15. Құрылыс металл конструкцияларын өндіру (блок-модульдік "кілтпен тапсыру" шешімдер үшін)
  16. Металл цистерналар, резервуарлар және контейнерлер өндіру (блок-модульдік шешімдер үшін)
  17. Машина жасау саласындағы негізгі технологиялық процестер
  18. Электр қозғалтқыштар, генераторлар, трансформаторлар өндіру
  19. Электр тарату және реттеу аппаратураларын өндіру
  20. Насостар мен компрессорлар өндіру
  21. Крандар, клапандар және вентильдер өндіру
  22. Шаруашылық-тұрмыстық және санитарлық-гигиеналық қағаз өнімдері
  23. Жүк әуе көлігі (кесте бойынша және кестесіз)
  24. Астықты сақтау
  25. Көкөніс пен жемістен басқа азық-түлікті сақтау
  26. Мұнай сақтау
  27. Әуе кеңістігін пайдалану реттеу
  28. Жүктерді өңдеу
  29. Өзге де көлікке қосымша қызметтер
  30. Әуе және ғарыш аппараттарын жөндеу
  31. Техникалық сынақтар мен талдау жүргізетін ұйымдар қызметі
  32. Теміржол және метро салу
  33. Жолдар мен автомагистральдар салу
  34. 1 және 2-санаттағы стационарлық сауда объектілерінен басқа тұрғын емес ғимараттар салу

26, 27, 28, 31, 34, 35 және 36-тармақшалар тек әуежай аумағында қолданылады.

"Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы

(Негізгі бағыттары:)

  1. Металлургия
  2. Дайын металл бұйымдарын өндіру
  3. Автокөлік құралдары, трейлерлер және жартылай тіркемелер өндіру
  4. Компьютерлер мен электроника өндіру
  5. Электр жабдықтары
  6. Химия, резеңке және пластмасса өндірісі
  7. Машина жасау және металл өңдеу жабдықтары
  8. Тау-кен және құрылыс техникасы
  9. Ауыл және орман шаруашылығы техникасы
  10. Тамақ және сусын өндірісіне арналған жабдықтар
  11. Қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату
  12. Құрама жем зауытын салу және іске қосу
  13. Кокс пештері өнімдерін өндіру
  14. Электр энергиясымен, газбен, бумен және ыстық сумен жабдықтау
  15. Көпбейінді аурухана салу
  16. Жүк әуе көлігі
  17. Жүк өңдеу және экспедициялық қызметтер
  18. Тұрғын емес ғимараттар салу
  19. Жол және автомагистраль құрылысы
  20. Жүк автокөлігі қызметі

"Астана – Технополис" арнайы экономикалық аймағы

  1. Өзге де тамақ өнімдерін өндіру
  2. Ұн тарту және жарма өнеркәсібі өнімдері
  3. Фармацевтикалық препараттар
  4. Шыны және шыны бұйымдары
  5. Абразивтік және бейметалл минералдық өнімдер
  6. Металл цистерналар мен контейнерлер
  7. Дайын металл бұйымдары
  8. Компьютерлер және перифериялық жабдықтар
  9. Электромедициналық және электротерапиялық жабдықтар
  10. Электр қозғалтқыштар мен трансформаторлар
  11. Жарық беру жабдықтары
  12. Электр сымдары мен электр өткізгіш құралдар
  13. Жалпы мақсаттағы машиналар мен жабдықтар
  14. Қойма қызметі және көлікке қосымша қызмет
  15. Бағдарламалық қамтамасыз ету шығару
  16. Компьютерлік бағдарламалау және консалтинг
  17. Сәулет, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар
  18. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер
  19. Денсаулық сақтау саласындағы қызмет
  20. Жиһаз өндірісі
  21. Болат және алюминий құрылыс конструкциялары
  22. Контейнерлік және құрастырмалы ғимараттар
  23. Медициналық және стоматологиялық құралдар
  24. Әкімшілік, тұрғын және тұрғын емес ғимараттар салу
  25. Радиаторлар мен қазандықтар өндіру
  26. Әуе және ғарыш аппараттарын жөндеу
  27. Инфрақұрылым объектілерін салу және пайдалануға беру

Бұйрық 2026 жылғы 21 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: