Бойжеткен тұрғылықты мекенжайын өзгертсе де сталкерден құтыла алмаған

Сталкер, Қызылорда, бойжеткен, сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.02.2026 15:57 Сурет: freepik
Қызылордада сот ер адамға бойжеткеннің ізіне түсіп, қудалағаны үшін қамауға алу туралы үкім шығарды. Істің егжей-тегжейлерімен 2026 жылдың 13 ақпанында соттың баспасөз қызметі бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда қаласының №2 сотында ҚР Қылмыстық Кодексінің 115-1-бабы (Сталкинг) бойынша қылмыстық теріс қылық ісі қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, сотталушы әлеуметтік желі арқылы жәбірленушіге хат жазып, ұялы телефон және WhatsApp желісі арқылы да хабарласып, өзінің сезімін білдіре бастаған. Алайда, жәбірленушінің байланыс орнатудан бас тартып, абоненттік нөмірлерді бұғаттап тастағанына қарамастан, ер адам оған хабарласып мазасын алған. Атап айтқанда, сотталушы жәбірленушінің тұрғылықты мекенжайына, жұмыс орнына көлігімен қайта-қайта барып, шығуын талап етіп, аңдыған. Осылайша, сотталушы 2022 жылдан бері жәбірленушіні жүйелі түрде аңдып, сталкинг жасаған.

"Сот отырысында жәбірленуші осы оқиғаның салдарынан қала аумағында емін-еркін жүре алмай, үнемі қорқып жүргенін, басқа мекенжайға көшуге мәжбүр болғанын айтып, сотталушыға заңнамаға сәйкес жаза қолдануды және моральдық зиян өндіруді сұрады. Сот, сотталушыны ҚР Қылмыстық Кодексінің 115-1 бабымен кінәлі деп танып, оны 25 тәулікке қамаққа алу жазасын тағайындады".Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

Азаматтық талап қою бойынша жәбірленушінің пайдасына 500 000 теңге моральдық зиян өндірілді.

Бұған дейін Алматыда шығарылған сталкинг бойынша алғашқы сот үкімдерінің бірі туралы жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: