Қарағанды облысында жасырын есірткі зертханасының көзі жойылды

Ұсталды, Қарағанды облысы, жасырын, есірткі зертханасы , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2026 12:19 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қарағанды облысы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өңір аумағында синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан жасырын есірткі зертханасының қызметін тоқтатты. Жедел іс-шаралар барысында күдікті ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, оның тұрғылықты жерін тінту кезінде дайын есірткі заты мен прекурсорлар құйылған канистрлер, түрлі жабдықтар және химиялық реагенттер тәркіленді.

"Жалпы алғанда 40 келі дайын есірткі және шамамен 5 тонна прекурсордың заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді. Олардың құны 2 млн АҚШ долларынан асады. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдікті Telegram-арналардың бірінің кураторымен байланыста болған. Ал дайын өнімді облыс аумағында таратуды көздеген. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Прекурсорларды жеткізу арналары анықталуда. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: