Маса шаққан әйел жазылмас дертке шалдықты

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2017 22:44 Zakon.kz
Науқас әйел бар жиған-тергенін еміне жұмсамақ.
37 жастағы индонезиялық әйел жазылмайтын дерт жұқтырып алды, - деп жазады Stan.kz.

Ребекка Уиллерске диффузиялық жүйелік склеродерма диагнозы қойылған. Ол тері жамылғысының, қан тамырларының, тірек-қимыл аппаратының және ішкі ағзалардың зақымдалуымен байланыстыратын тіндердің аутоиммунды ауруы. Бұл дертпен ауыратындардың 10 пайызы 5 жыл ішінде көз жұмады.

Уиллерс 2015 жылы Суматраға жолбарыстарды қорғау жобасы бойынша барады. Мамандар науқасты сол сапарында маса шаққан деп отыр.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.11.2017 22:44

Ұлыбританияға келген соң әйел бірнеше рет ауырады. Ауруы салдарынан денесі қатайып кетеді.

«Ең қорқыныштысы – аурудың тез тарауы. Дәрігер үш жылда дене одан әрі қатаюы мүмкін екенін айтты. Тіпті тісімді жуа алмаймын. Қолым тас секілді», – дейді науқас.

Науқас әйел бар жиған-тергенін еміне жұмсамақ.

«Жануарлар үшін бар өмірімді арнап едім, енді зообақ кеңсесінде тек қағаздармен жұмыс істеуіме тура келеді», – дейді ол.

Фото: stan.kz
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: