Жаңалықтар тізбегі
0

Моңғолиялық қазақ суретшінің сызған суреті 5 млн төгрөгке сатылды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2018 23:03 Zakon.kz
Суретші Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганың 90Х70 см көлемдегі бейнесін жасауға 1200 дана шеге, 750 метр жіп жұмсаған.

Баян-Өлгей аймағының жас суретшісі Қайрат Аятұлының сызған Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганың суреті жаңа жыл қарсаңындағы бәссаудада 5 млн төгрөгке (700 мың теңге) сатылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі жергілікті МОНЦАМЭ сайтына сілтеме жасап.

Соңғы кезде кескіндеме өнеріне жаңалық ретінде енген шеге мен тігін жібі арқылы сызылатын бұл жанрдың аты – стринг арт.

Моңғолия президентінен бөлек, «Абай», «Қазақ батыры», «Тұлпар» қатарлы стринг арт жанрымен салған суреттері арқылы танымал кескіндеме өнерінің шебері өз туындысы жайлы пікір білдірді.

«Стринг арт арқылы қырғызстандық суретші Азамат Жаналиев біздің елдің президентінің бейнесін салыпты дегенді естідім. Шетел азаматы жасаған дүниені мен неге жасай алмаймын деген ой келіп, президентіміз Халтмаагийн Баттулганы жасап шықтым. Бұл туындымды дүниеге әкелуіме 10 күн уақытым кетті», - дейді суретші.

Суретші Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганың 90Х70 см көлемдегі бейнесін жасауға 1200 дана шеге, 750 метр жіп жұмсаған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: