Ақтөбе драма театрының жаңа басшысы қалың көрерменге ренішін жасырмады
Аktobenews.kz
Театрға келу үшін қалаған уақыттарын ұсынатын ақтөбелік көрерменнің әрекетіне театр басшысы келіспейтінін айтты.
Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының жаңа басшысы Нұрхан Кәдірбаев енді көрерменнің қалауын орындамайтынын айтты. Оның пайымынша, көрермен театрды билеп кеткенге ұқсайды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
Театрға келу үшін қалаған уақыттарын ұсынатын ақтөбелік көрерменнің әрекетіне театр басшысы келіспейтінін айтты. Енді тек алдын-ала бекітілген уақытта қойылып, оны өзгерткен адам театрдың жауы болып саналатынын да жасырмады.
«Мен театрға келген кезде ең бірінші театр көрерменді емес, көрермен театрды билеп алғанын түсіндім. Яғни, бір колледждің көрермендері сағат 16.00 келгісі келетінін айтады. Сол күнгі 19.00 жоспарлаған қойылым 16.00 ауысады. Репертуарлық саясатты өзгертіп тек бекітілген уақытында болады. Оны өзгерткен адам театрдың жауы болады. Тіпті, қойылым уақытын қадағалап отыратын бұйрықпен бекітілген адам бар», — деді Нұрхан Кәдірбаев.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript