Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық полигондар қалдықтарды көму жайында тыйымға дайын емес

gdb.rferl.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.05.2018 15:31 gdb.rferl.org
Қазақстанда жыл сайын полигондарға 5,5 миллион тоннадай қоқыс тасталады. Үштен бір бөлігі тұрмыстық қалдықтар.

Отандық қоқыс полигондарына құрылыс қалдықтарын қабылдауға 2020 жылға дейін рұқсат етілген. Бұған дейін экологиялық кодексте қоқыстардың кейбір түрлерін тастауға 2018 жылдың соңына дейін тыйым салу қаралған болатын, деп жазады zakon.kz Астана телеарнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен жиында қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу жайы талқыланды. Бұл іске бизнесмендермен қоса, қала әкімдігі де дайын еместігі мәлім болды.Себебі тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын ешкім өңдемейді.

Қазақстанда жыл сайын полигондарға 5,5 миллион тоннадай қоқыс тасталады. Үштен бір бөлігі тұрмыстық қалдықтар.

Ал өңдеуге тек 10 пайызы жіберіледі. Бұлар: макулатура, шыны, пластикалық және дөңгелекті шиналар. Полигондарға нақты қанша көлемде құрылыс қалдықтары тасталатынын және қаншасы қайта өңделетінін мамандар анықтай алмады.

Тыйым салудың мерзімін ауыстыру мәселесі кәсіпкерлікті реттеу туралы заңда қамтылған.

Шенеуніктер қалдықтарды басқару ережесін жоспарлау, кәсіпкерлерді тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын қайта өңдеумен айналысуға ынталандыру жайын сөз етті.

Вера Мұстафина, "Kazwaste" ЗТБ қалдықтарды басқару қауымдастығының атқарушы директоры: Ауыл шаруашылығында органикалық тыңайтқыштарды қолдануға ынталандыру керек. Себебі қазір тек минералды тыңайтқыштарды ғана ынталандырады. Екіншіден, ең көп шығатын тұрмыстық және мейрамханалардағы қалдықтармен айналысуымыз керек.



zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: