Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық Банкі цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту мақсатында бірқатар бастамаларды іске асырды

abctv.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.07.2018 17:04 abctv.kz
Онлайн-сақтандыруды енгізу жобасы халыққа міндетті сақтандыру шарттарын сақтандыру компанияларының интернет - ресурстары арқылы электрондық нысанда жасасуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Ұлттық Банкі цифрлық қаржы инфрақұрылымын дамыту мақсатында банк қоғамдастығымен бірлесіп бірқатар жаңа бастамаларды іске асыруда. Бұл туралы бүгін Астана қаласында Үкіметтің отырысында «Қаржы секторын цифрландырудың кейбір мәселелері туралы» сөйлеген сөзінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев айтып берді. Бұл туралы zakon.kz Қазақстан Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, ол, клиентті қашықтықтан сәйкестендіру тетігі сияқты шараны енгізу қаржы мекемелеріне жеке өзі бармай, клиенттерді қашықтықтан сәйкестендіруді қамтамасыз етуге бағытталған деп атап өтті.

«Бүгінгі күні ішкі істер, әділет, ақпарат және коммуникациялар министрліктерімен бірлесіп мемлекеттік дерекқордан биометрикалық көрсеткіштерді және мәліметтерді пайдалана отырып клиенттерді онлайн сәйкестендіру мәселелері пысықталуда», - деді Д.Ақышев.

Оның айтуынша, онлайн-сақтандыруды енгізу жобасы халыққа міндетті сақтандыру шарттарын сақтандыру компанияларының интернет - ресурстары арқылы электрондық нысанда жасасуға мүмкіндік береді.

«Сол сияқты Қазақстан Ұлттық Банкі жанынан лезде (жылдам) төлемдерге арналған инфрақұрылымды ұйымдастыру бойынша жүйе платформасы құрылады. «Ол банктердің клиенттері арасында жылдам режимде мобильдік телефон нөмірі бойынша төлемдерді жүргізуді қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде жүйенің функционалы пысықталу үстінде, пилоттық режимде оны іске қосу ағымдағы жылдың 3-тоқсанының соңына жоспарланып отыр», - деп хабарлады Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы.

Ол қазіргі кезде Қазақстан Ұлттық Банкінің цифрлық ортада кибершабуылдар мен алаяқтық іс-қимылдарға қарсы тиімді әрекет ету үшін жүйелі шараларды пысықтап жатқанын қоса айтты.

«Сонымен қатар Ұлттық Банк жаңа технологиялар мен шешімдерді ендіру, яғни «реттеу ортасын» құру үшін ерекше құқықтық реттеу режимін қолдану мүмкіндігін қарастыруда. Аталған жобаларды ендіру қаржы секторында цифрлық сервистерді дамыту үшін негіз болады», - деп қорытындылады Д.Ақышев.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: