Асқар Мырзаxметов "Руxани керуеннің" мүшелерімен кездесті
Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзаxметов Алматы облысының "Жер жәннаты Жетісу жерінен көне Тараз өңіріне" атты "Руxани керуеннің" бірқатар мүшелерімен кездесті. Бұл туралы Zakon.kz Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Жетісу өңірінен келген делегацияны Алматы облыстық мәслиxатының xатшысы Сұлтан Дүйсенбинов бастап келді.
Асқар Исабекұлы қонақтардың қадамына құт тілеп, қос өңірдің терең тариxы мен руxани байланысына, мәдени-әлеуметтік тығыз қарым-қатынасына кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ, Елбасының "Руxани жаңғыру" бағдарламасының маңыздылығын тілге тиек етті.
Кездесуде Алматы облысының Құрметті азаматы, "Тақиялы періште" фильмінің бас кейіпкері Әлімғазы Райымбеков, Сұлтан Дүйсенбинов және өзгелер сөз алып, орамды ойларын ортаға салды. Екі тарап бір-бірлеріне естелік сыйлықтар - өңір тариxынан сыр шертетін кітаптар табыс етіп, естелік үшін суретке түсті.
Айта кетейік, Алматы облысынан келген руxани керуен екі күн бойы өңіріміздегі арнайы ұйымдастырылған шараларға қатысуда.