Семейде 121 жұмысшы жеті жыл бұрынғы жалақыларын енді алды
krisha.kz
Көрсетілген берешек 2011-2012 жылдары қалыптасқан, алайда оны өтеу мүмкін болмаған.
Көлік прокуратурасы қабылдаған шаралар нәтижесінде «Семейавиа» АҚ 121 жұмысшының алдындағы сомасы 51,1 млн тенге көлеміндегі еңбекақыны өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Көрсетілген берешек 2011-2012 жылдары қалыптасқан, алайда оны өтеу мүмкін болмаған. Өйткені акционерлік қоғамның өтімді мүлкі болмады, сонымен қатар ол - стратегиялық объект болғандықтан, қарызды өтеу қиынға түскен. 2014 жылдың сәуірінде Семей көлік прокуратурасының талабы бойынша қалалық сот кәсіпорынды банкрот деп жариялады және банкроттық туралы тиісті рәсімдер басталды. Осылайша, Үкімет қаулысымен мүліктік кешенді "Ертіс" ӘКК" ҰК" АҚ пайдасына беру туралы шешім қабылданған" делінген хабарламада.
Өткен жылдың қыркүйегінде АҚ банкроттық басқарушысымен тиісті шартқа қол қойып, әуежайдың мүліктік кешенін сатқаннан кейін жұмысшылардың алдындағы берешек толығымен өтелді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript