Ата-анасы туылғанына 20 күн болған перзентін тірідей көміп тастады

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.01.2019 21:19 stan.kz
Үндістанның Шахджаханпур қаласында ата-анасы дін қызметкерінің талабы бойынша тірідей жерлеп тастаған нәресте құтқарылды..

Дін қызметкері туылғанына 20 күн ғана болған нәрестенің бойында жын барын айтып сендірген. Оның сөзінше, нәресте отбасының өмірін құртады екен. Мұнан кейін шошынып қалған ата-анасы туған қызын тірідей жерлеуді ұйғарады. Отанасының әпкесі сәбиді тоғанға апарып, көміп тастаған, деп хабарлайды Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

Арада бірнеше сағат өткеннен кейін сол маңнан өтіп бара жатқан адам нәрестенің жылаған даусын естіген. Ол дауыс шыққан жерді тездетіп тауып, сәбиді құтқарып алды.

«Сондай қатігездік. Мұндай суықта сәбиді қалай тастап кетуге болады?» – дейді ер адам.

Қазіргі уақытта қыз бала ауруханада жатыр. Жағдайы тұрақты.

Ал дін қызметкері, сәбидің әкесі мен анасының әпкесі тұтқындалды. Ал анасы жасырынып үлгерген. Ол іздестірілуде.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: