Алматылықтар смартфон арқылы соттаса бастады
difccourts.ae
Енді сот тыңдауына келмей-ақ, қашықтықтан смартфон арқылы сот тыңдауын өткізуге болады.
Алматының Медеу аудандық сотында "TrueConf" мобильді қосымшасының көмегімен бір азаматтық іс қашықтықтан қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
⠀
Бұл "SMART сот" деп аталатын пилоттық жоба. Сот тыңдауына келмей-ақ, қашықтықтан смартфон арқылы сот тыңдауын өткізуге болады.
⠀
"Сотқа арыз беруші өзі басқа жерде болғанына қарамастан сот отырысына видеотрансляция арқылы қатысты. Аталған мобильді видеоконференция байланысы ыңғайлы, сотқа барып-келуге жұмсалатын уақыт пен жол шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді", – деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.
Тараптардың видеоконференция арқылы өткен сот отырысына көңілі толды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript