Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда АЭС құрылысы мәселесі референдумда шешіледі

Pixabay Pixabay
Бірақ атом стансалары құрылысының мүмкіндіктері әлі де зерттеле береді.

Қазақстанда атом электр стансасы құрылысы мәселесі референдумда шешіледі. Бірақ әзірге үкіметтің АЭС құрылысы туралы шешімі жоқ. Бұл туралы бүгін халыққа есеп беру конференциясында энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның сөзінше, атом стансалары құрылысының мүмкіндіктері әлі де зерттеле береді.

– Қазақстанда ондай зерттеулер бұрыннан бері жүргізіліп келеді, әлі де жүргізіле береді. Өйткені мұндай технологияларды меңгеру, сынақтық реакторларда ғылыми зерттеулер жүргізу білу, оның негіздерін түсіну – біздің елді дамыған мемлекеттер клубына қосады. Бұл бағыттағы жұмыстар, зерттеулер жалғасады, одан қорқудың қажеті жоқ. Бірақ дәл қазір биліктің ешбір деңгейінде атом стансасының құрылысына қатысты ешқандай шешім жоқ, оның бәрі алып-қашпа әңгімелер, – деді министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: