Не құлдықты, не қисықты білдіретін атауға қазақ неге құмар?
Қазақстан қалаларындағы көшені Арбат деп атау жаман. Ғасырдан аса Мәскеудің малайы болғаныңды еске салатын Арбат неге керек, - дейді белгілі журналист Серік Әбікен тыңнан бір ойды қозғап.
"Баяғыда, Русьті түріктер илеп тұрғанда Мәскеуде арба жөндейтін шеберлер көшесі болыпты, сол кейін Арбат аталған; енді бір тұспал: әу баста көше қисықтау болып "горбат" - "бүкір" делінген...
Не құлдықты, не қисықтықты білдіретін осы атауға қазақ неге құмар болды, а, әр қалада бір Арбат. Алтындай жарқыраған көшеңді Алтынорда де, Отырар, Қазақ даласы, Қазақ құты де қазақта әдемі атау көп қой. Ғасырдан аса Мәскеудің малайы болғаныңды еске салатын Арбат неге керек?! Бұрын Алматыда ғана еді қазір барлық шаһар арбаттанып жатыр, Мәскеудің мини-көшірмелері..."
деп жазды белгілі журналист Серік Әбікен Facebook-тегі парақшасында.