Трамп импичменті туралы сыбыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етуі мүмкін?
Геосаясатқа ғана емес, сонымен қатар әлемдік экономикаға да Дональд Трамптың импичменті туралы жаңалық кері әсер еткенін айтқан Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының басқарушы директоры, Tengenomika телеграмм-арнасының авторы Олжас Төлеуов оның Қазақстанға әсері қалай болатынын да болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұл арада Трамптың импичменті туралы ғана емес, оның Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясында Иран мен Қытайға қатты шүйлігуі де нарықтағы бағаның құлдырауына әкеліп соқты. Бірақ келесі күні АҚШ әділет министрлігі АҚШ заңдарын бұзу фактісі анықталмағанын мәлімдеді. Оның үстіне Трамп пен Зеленский арасында болған телефон әңгіменің аудиожазбалары да көпшілікке жария етілді. Ал Зеленскийдің өзі БҰҰ Бас ассамблеясында өзіне Трамп тарапынан ешқандай қысым болмағанын ресми түрде айтты.
Осылайша екі күн бойына құбылған нарықтағы бағалар бүгін баяғы қалпына келді. Егер Трамптың импичменті мәселесіне келетін болсақ, онсыз да АҚШ-тағы сайлауға аз қалды. Ол бір жылға жуық орынтағында отырады. 2020 жылы АҚШ келесі президентін сайлайды. Сондықтан бұл демократтардың алдын ала қам жасап, Трамптың аяғынан шалуы деп санаған дұрыс шығар.
Тіпті, импичмент жарияланса да, оны ешкім жұмысынан қуып жібере алмайды. Ол жұмыстан кетуі тиіс адам болады, болды, президенті іс жүзінде билігінен ешкім айыра алмайды", - дейді Олжас Төлеуов.
Ол АҚШ тарихында бұған дейін осындай бірнеше жағдай болғанын еске алады. Соңғы реттегісі - Билл Клинтон. Оған да импичмент жарияланды, бірақ іс жүзінде ол президенттік мерзімінің соңына дейін жұмыс істеді. Бұған дейін президент Ричард Никсонның маңында дау болған. Алайда, Никсон импичмент жариялағаннан кейін де мерзімінің соңына дейін өз орнында нық отырды, бірақ ол өзі келесі президенттік өкілеттіліктен бас тартты.
"Сондықтан, бұл жолы да Трамп кез-келген жағдайда президенттік мерзімінаяғына дейін өткеретін болады деп ойлаймын. Әрине, импичмент жарияланса, бұл әлемдік нарық үшін белгілі бір деңгейде теріс фактор ретінде әсер етеді. Себебі импичменттің жариялануы Трамп құзіретінің шектеулігін танытып, инвесторлар арасында сенімсіздік тудырады. Ал кететін болса, Трамп жәй кете салатын адам емес, мұны бәрі біледі. Ол бүкіл нарықты "төңкеретін" болады. Шошыса инвесторлар осыдан шошиды. Бірақ Трамптың екінші мәрте президент болуын ешкім жоққа шығармайды, саяси сарапшылар, керісінше демократтар импичмент тақырыбын қайта-қайта көтеріп, оған жақсы жарнама жасап жатыр деп санайды. Ол көп конгресменге ұнамайды. Ал ондай адамды халық жақтап кетуі әбден мүмкін нәрсе", - деп ойын жалғастырады Олжас Төлеуов.
Оның пікірінше, Трампқа импичмент жарияланса, нарықта, әрине қобалжу болады, ондайда қорғаныс активі - алтынға, австралиялық долларға, израилдік шекельге, жапон иенасы мен швейцариялық франкке сұраныс күрт артуы мүмкін. Бұл дамушы нарықтардағы валюталардың құлдырауына әкеп соғады. Шикізатқа байланған елдердің де мұндайда экономикасының өсімі бәсеңсуі мүмкін.
- Қазақстан экономикасына әсеріне келетін болсақ, біріншіден, бұл мұнай бағасына байланысты. Егер нарықтағы мұнай бағасы тағы нашарлай бастаса, ол бірден сауда-саттық көрсеткіштеріміз бен ақша бағамдарына әсер ететін болады. Яғни, ақша айырбастау бағамына қысым күшейеді. Бірақ бұл доллар бірден қымбаттайды деген сөз емес. Өйткені ҚР Ұлттық банкібұл жағын қазір қолдан реттеп отыр, - деп сөзін түйіндеді Олжас Төлеуов.