Кёрлингтен Әлем чемпионатында Қазақстан алғаш рет тарихи нәтижеге қол жеткізді

Кёрлинг, Әлем чемпионаты, Шотландия, Қазақстан құрамасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2024 22:24 Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Шотландияның Абердин қаласында өтіп жатқан кёрлингтен аралас командалар арасындағы әлем чемпионаты бел ортасына жетті. Қазақстан тарихта алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұлттық құрама Е тобындағы 6-турда Украина ойыншыларынан басым түсті. Тартысты матчтың есебі - 8-7. Ал қатар өткен кездесуде негізгі қарсылас Швейцария жеңіліп қалды. Осылайша, Қазақстан тарихта алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Осыған дейінгі Қазақстанның көрсеткіші:

  • 2018 жылы 34-орын (35 команда)
  • 2019 жылы 21-орын (40 команда)
  • 2020-2021 жылы әлем чемпионаты өткен жоқ.

Ертең, 18 қазанда Абылайхан Жүзбай, Тылсымай Аллиярова, Айдос Аллияр мен Мерей Тастемір соңғы турда Бельгиямен ойнайды. Ал 18 қазанда - 1/8 айналым мен ширек финал. Жартылай финал мен финал 19 қазанға жоспарланған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: