Қазақстан волейболдан жастар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды

Қазақстан волейболдан жастар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2025 18:52 Сурет: olympic.kz
Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы Цзянмэньде (Қытай) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында плей-офф кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шешуші ойын алдында біздің құрама B тобында бесінші орында тұрған еді. Ал 1/8 финалға тек үздік төрт команда шығады.

Сол себепті Қазақстан құрамасына Оңтүстік Корея командасын жеңу қажет болды.

Кездесу 3:1 есебімен біздің волейболшылардың пайдасына аяқталды. Осылайша қазақстандықтар әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде өнер көрсетеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: