Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2025 15:01 Сурет: olympic.kz
Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Грузияның Тбилиси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Семсер қаруымен айқасудың ширек финалында отандастарымыз Италия құрамасынан басым түсті.

Тартысты өткен кездесуде қазақстандықтар 45:43 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, 1/8 финалда Қазақстан құрамасы Қытайды, ал 1/16 финалда Ресей құрамасын жеңген болатын.

Жартылай финалда жерлестеріміз Жапониямен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина Монреальда өтіп жатқан ірі турнирдің үшінші кезеңіне жолдама алғанын хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: