Елена Рыбакина Монреальда өтіп жатқан ірі турнирдің үшінші кезеңіне жолдама алды

Елена Рыбакина Монреальда өтіп жатқан ірі турнирдің үшінші кезеңіне жолдама алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2025 14:30 Сурет: instagram.com/wta
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Монреальда (Канада) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жерлесіміз бұл кезеңде АҚШ өкілі Хейли Баптистпен өзара мықтыны анықтады.

Матч 1 сағат 13 минутқа созылып, Рыбакина жалпы есепте 6:4, 6:3 есебімен қарсыласынан басым түсті.

Келесі айналымда отандасымыз румыниялық Жаклин Кристианмен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің алғашқы айналымында жеңіліп қалған еді.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: