Юлия Путинцева Аустралияда өтіп жатқан WTA 500 турнирін жеңіспен бастады

Юлия Путинцева Аустралияда өтіп жатқан WTA 500 турнирін жеңіспен бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.01.2025 17:21 Сурет: Jimmie48 Photography, WTA
Теннистен Қазақстан құрамасының спортшысы Юлия Путинцева Аделаидада (Аустралия) өтіп жатқан WTA 500 санатындағы ірі турнирдің алғашқы кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Путинцева алғашқы кездесуін әлемнің 19-шы ракеткасы хорватиялық Донна Векичке қарсы өткізді.

Кездесу екі сетке созылды. Қорытынды есеп – 6:2, 6:3.

Енді қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы Даниэль Коллинз (АҚШ) пен Онс Жабердің (Тунис) арасындағы матчтың жеңімпазы болады.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: