Юлия Путинцева Хобарттағы WTA 250 турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Юлия Путинцева, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2024 20:53 Сурет: ktf.kz
Хобарт қаласында (Аустралия) WTA 250 санатындағы турнир өтіп жатыр. Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева (64 WTA) жекелей сында 1/4 финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Юлия Путинцева жартылай финалға шығу үшін өткен кездесуде әлемдік рейтингіде 73-орында тұрған қытайлық Юэ Юаннан 5:7, 6:7 (4:7) есебімен жеңіліп қалды.

Ойын 2 сағат 22 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Юлия екі қос қате жіберді, 11 брейк-пойнттың тек бесеуін сәтті пайдаланды.

Юлия Путинцева турнирдің негізгі кезеңіне іріктеу арқылы шыққан еді.

Бұл - Юлия Путинцеваның жаңа маусымдағы екінші турнирі. Ол алдыңғы аптада Оклендтегі (Жаңа Зеландия) жарыстағы алғашқы матчында-ақ жеңіліп қалған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: