Юлия Путинцева WTA 500 турнирінің екінші кезеңіне өте алмады

Юлия Путинцева, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2024 22:04 Сурет: ktf.kz
Страсбургте (Франция) WTA 500 (топырақ төсеніші) санатындағы турнир басталды. Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жекелей сында бірінші раундтық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Катерина Синяковадан (№34 WTA, Чехия) 0:6, 5:7 есебімен ұтылды.

Кездесу 1 сағат 30 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Юлия екі рет эйс жасап, бес рет қос қателік жіберіп, үш брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.

Синякова келесі айналымда америкалық Даниэль Коллинзмен (№12 WTA) ойнайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: