Юлия Путинцева Римдегі турнирдің екінші айналымына өтті

Римде (Италия) WTA 1000 (топырақ төсеніші) санатындағы турнир өтіп жатыр. Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева бірінші айналымдағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Юлия Путинцева (№41 WTA) алғашқы матчта корт иесі Мартина Тревизанды (№87 WTA) 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Қазақстандық теннисші жеке кездесудегі есеп бойынша алға шықты – 2:1.
Матч 1 сағат 42 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Путинцева төрт эйс пен бір рет қос қателік жасап, сегіз брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды.
Come for the drop volley, stay for the lob 🤩@PutintsevaYulia | #IBI24 pic.twitter.com/I0pJa9xIzX
— wta (@WTA) May 7, 2024
Екінші айналымда Юлия 2017 жылғы US Open чемпионы, америкалық теннисші Слоан Стивенспен (№35 WTA) кездеседі. Путинцева үшінші айналымға шығып жатса, әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекпен ойнауы мүмкін.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript