Қазақстан құрамасының ту ұстаушыларының суреті желіде қызу талқыланып жатыр
Сурет: ҰОК
2024 жылғы жазғы Олимпиаданың ашылу салтанатында боксшы Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова Қазақстан құрамасының туын алып жүретін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Олардың үстіне киген киімдерін әлеуметтік желідегілер қызу талқылап жатыр.
Қазақстан азаматтарының көпшілігі спортшылардың киіміне оң баға берді.
- Сұп-сұлу қыз бен жігіт, өздері үйлесіп тұр!
- Бұл екеуі үшін эксклюзивті, арнайы тігілген киім бе, естелік үшін өздерінде қалады ма екен? Ольга Сафронованың киіміндегі зергерлік бұйымдар неден жасалған екен? Дизайны керемет!
Сурет: ҰОК
Айта кетейік, ашылу салтанатының басталуы Астана уақыты бойынша сағат 22:30-да басталады.
Бұған дейін 52 жастағы америкалық рэпер Снуп Догг жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында Париж маңындағы Сен-Дени қалашығындағы Стад де Франс стадионыны жанынан Олимпиада алауын алып өткені хабарланған болатын.
Сонымен қатар, 2024 жылғы Олимпиада ойындарына әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшыларды құшақ қарсы алған Париж көшелерінде қазақ боксшысы Сәкен Бибосыновтың суреті бейнеленген баннерлер пайда болғаны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript