Юлия Путинцева Бейжіңдегі турнирде Каролин Гарсиядан жеңіліп қалды

Юлия Путинцева, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2023 01:06 Сурет: wta
Бейжіңде (Қытай) WTA 1000 (хард) санатындағы турнир өтіп жатыр. Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жекелей сында екінші айналымдағы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлемдік рейтингіде 75-орында тұрған Қазақстанның екінші ракеткасы франциялық Каролинн Гарсиядан (әлемдік рейтингте 10-орын) 3:6, 6:3, 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Айта кетейік, теннисшілер бір-бірімен бесінші рет кездесіп отыр. Гарсия есеп айырмасын қысқарта алды – 2:3.

Матч 2 сағат 16 минутқа созылды. Юлия бір эйсті орындап, бір рет қос қателік жасады және 13 брейк-пойнттың біреуін ғана сәтті пайдаланды. Ал Каролин сегіз эйсті орындап, тоғыз брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: