Рыбакина Қытайдағы ірі турнирдің үшінші айналымында ойнайды
Сурет: olympic.kz
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық спортшы жарысты екінші айналымнан бастады.
Оның алғашқы қарсыласы АҚШ өкілі Кэти Макнелли болды. Матч 7:5, 4:6, 6:3 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.
Келесі айналымда Рыбакина Германия спортшысы Ева Лиспен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript