Елена Рыбакина Қытайдағы турнирдің финалында ойнайды
Сурет: ktf.kz
Қазақстан теннис құрамасының өкілі Елена Рыбакина Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жартылай финалда қазақстандық спортшы италиялық Жасмин Паолиниден басым түсті.
Матч екі сетке созылып, Рыбакина 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Финалда Елена Рыбакина Ресей өкілі Екатерина Александровамен кездеседі.
Еске салайық, бұған дейін 2021 жылғы АҚШ чемпионы, әлемнің 14-ракеткасы Даниил Медведев Almaty Open ATP 250 турнирінің финалына шыққанын хабарлаған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript