Канададағы беделді турнирде қазақстандық теннисшінің матчы сенсациямен аяқталды

Канададағы беделді турнирде қазақстандық теннисшінің матчы сенсациямен аяқталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2025 15:37 Сурет: instagram/yulia_putintseva
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің алғашқы айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportarena.kz хабарлауынша, алғашқы кезеңде Путинцева қытайлық теннисші Ханью Гоудан 3:6, 3:6 есебімен ұтылды.

Матч 1 сағат 27 минутқа созылды. Бұған дейін қос спортшы кортта жолықпаған.

Келесі айналымда қытайлық теннисшінің қарсыласы польшалық Ига Швентек болады.

Бұған дейін әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко 27 шілде мен 7 тамыз аралығында өтетін WTA-1000 турниріне қатыспайтыны белгілі болған. Ал Елена Рыбакина бұл жарысқа қатысушылар тізімінде бар.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: