Юлия Путинцева АҚШ-тағы турнирдің алғашқы матчында жеңіліп қалды

Юлия Путинцева АҚШ-тағы турнирдің алғашқы айналымында жеңіліп қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.03.2025 10:53 Сурет: instagram/yulia_putintseva
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Индиан-Уэллс қаласында (АҚШ) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің екінші айналымында чехиялық спортшы Катержина Синяковамен кездесіп, жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz .

Матч 1 сағат 29 минутқа созылып, Синякова 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Путинцева 55 ұпай жинап, үш қос қателік жіберді.

Қазақстандық теннисші турнирдің жұптық сындағы өнерін жалғастырады. Ол онда даниялық теннисші Клара Таусонмен бірге екінші айналымда Елена Остапенко (Латвия)/Элен Перес (Аустралия) дуэтімен кездеседі.

Ал Синякова WTA 1000 турнирінің үшінші айналымында әлемнің 15-ракеткасы Каролина Мучовамен (Чехия) шеберлік байқасады.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан Уэллстегі турнирдің үшінші айналымына өткенін жазған едік.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда Нидерланд өкілі Сюзан Ламенсті 6:3, 6:3 есебімен ұтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: