Елена Рыбакина Индиан Уэллстегі турнирді сәтті бастады
Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Индиан Уэллстегі (АҚШ) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда Нидерланд өкілі Сюзан Ламенсті 6:3, 6:3 есебімен ұтты.
Елена келесі айналымда ұлыбританиялық Кэти Боултермен кездеседі.
Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева жарыстың келесі айналымына өте алмады. Ол чехиялық теннисші Катержина Синяковадан 2:6, 2:6 есебімен ұтылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript