Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатының ширек финалына шығу үшін бақ сынайды
Сурет: olympic.kz
Тбилиси (Грузия) қаласында семсерлесуден әлем чемпионатының кезекті жарыс күні басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
29 шілдеде семсер қаруымен айқасудан командалық жарыстар өтіп жатыр.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын 1/16 финал кезеңінен бастады. Бұл кезеңде біздің спортшылар Ресей командасымен кездесіп, жеңіске жетті.
Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов және Эльмир Әлімжанов қарсыластарын 45:35 есебімен ұтты.
Келесі айналымда қазақстандық семсерлесушілер Қытай құрамасымен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript